Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

25.06.2026

Марапаттау рәсімі кезінде спортшыларды құшақтап құттықтауға тыйым салынды

Марапаттау рәсімі кезінде спортшыларды құшақтап құттықтауға тыйым салынды

Фото:ВВС

Халықаралық гимнастика федерациясы (World Gymnastics) марапаттау рәсімін өткізу тәртібін жаңартты.

Жаңа талап бойынша, енді делегация басшысы орындалатын әнұранның нұсқасын алдын ала бекітуі қажет. Әнұранның ұзақтығы 1 минут 30 секундтан аспауы және тек аспаптық нұсқасы ғана ойналады.

Салтанат кезінде спортшылар әнұран орындалғанда өз елінің туына қарап тұруы тиіс. Әнұран аяқталған соң олар тұғырда қалып, суретке түсу рәсіміне қатысады және көрермендерге сәлем бере алады.

Медаль тапсыру кезінде марапаттаушылардың қол алысуы тек жүлдегер спортшылармен ғана шектеледі. Сондай-ақ спортшыларды құшақтап немесе сүйіп құттықтауға тыйым салынады.

Сондай-ақ тұғыр үстінде саяси, діни немесе өзге де идеологиялық мазмұндағы әрекеттерге жол берілмейді. Жазуы бар баннерлер мен ресми бекітілмеген туларды қолдануға да тыйым салынған.

Ережені бұзған спортшыларға тәртіптік және қаржылық жаза қолданылуы мүмкін.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан