4 сағат бұрын
Қысқы Паралимпиада жүлдегерлері мен олардың жаттықтырушыларына 388 миллион теңгеден астам сыйақы төленді
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XIV қысқы Паралимпия ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлеріне және үздік алтылыққа енген спортшыларға ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz
Сыйақы Ербол Хамитов (пара биатлон, пара шаңғы жарысы және пара шаңғы эстафетасы), Александр Герлиц (пара шаңғы жарысы және пара шаңғы эстафетасы) және Владислав Кобальға (пара шаңғы эстафетасы), сондай-ақ спортшылардың жаттықтырушыларына берілді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес:
Ербол Хамитов екі медалі мен эстафетадағы нәтижелері үшін 350 000 АҚШ доллары;
Александр Герлиц 40 000 АҚШ доллары;
Владислав Кобаль 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы алды.
Сонымен қатар спортшылардың алғашқы, жеке және бас жаттықтырушыларына да ақшалай сыйақы төленді.
Бұдан бөлек, Паралимпиада чемпионына жергілікті атқарушы орган тарапынан қосымша қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әкімдік спортшыға жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер береді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов