Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Геннадий Головкин World Gymnastics президенті Моринари Ватанабэмен кездесті

Геннадий Головкин World Gymnastics президенті Моринари Ватанабэмен кездесті

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин World Gymnastics президенті Моринари Ватанабэмен және Asian Gymnastics Union президенті Абдулрахман бен Саад Әл-Шатримен ресми кездесу өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Тараптар Қазақстан құрамасының алдағы халықаралық жарыстарға қатысуын, сондай-ақ, бірлескен жобаларды жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Әсіресе Аичи-Нагояда өтетін жазғы Азия ойындарына, Дакарда өтетін жасөспірімдер Олимпиада ойындарына және 2028 жылы Лос-Анджелесте ұйымдастырылатын Олимпиада ойындарына қазақстандық спортшылардың дайындығы мен өнер көрсетуіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар кездесуге қатысушылар әлемдік гимнастиканың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын қарастырды.

Сонымен қатар тараптар Қазақстанның спорттық инфрақұрылымының даму деңгейі мен ірі халықаралық жарыстарды өткізу әлеуетіне жоғары баға беріп, болашақта елімізде халықаралық турнирлердің бірін ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруға қызығушылық танытты. Атап айтқанда, Абдулрахман бен Саад Әл-Шатридің айтуынша, Қазақстанда Азия чемпионатын өткізуге толық мүмкіндік бар.

World Gymnastics президенті Моринари Ватанабэ мен Asian Gymnastics президенті Абдулрахман бен Саад Әл-Шатри қазақстандық тарапты 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын өткізу құқығына ие болуымен құттықтады. Олар бұл шешім халықаралық спорт қауымдастығының Қазақстанға деген жоғары сенімін және еліміздің ірі көпсалалы спорттық іс-шараларды ұйымдастырудағы мол тәжірибесін айқын көрсететінін атап өтті.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан