Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Михаил Шайдоров әйгілі канадалық хореографпен жаңа бағдарлама дайындап жатыр

Михаил Шайдоров әйгілі канадалық хореографпен жаңа бағдарлама дайындап жатыр

2026 жылғы Олимпиада чемпионы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров әлеуметтік желідегі парақшасында әлемге танымал канадалық хореограф Ше-Линн Бурнмен бірге жұмыс істеп жатқанын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz

Спортшы Instagram-дағы парақшасында мұз айдынындағы бірлескен суретін бөлісіп, жаңа маусымға арналған қысқа бағдарламаны Ше-Линн Бурнның жетекшілігімен сәтті дайындағанын айтты.

«Жаңа маусымға дайындалып жатырмын.

Ше-Линн Бурнмен бірге мұз үстінде жаңа қысқа бағдарламаны әзірлеу – мен үшін зор мәртебе әрі үлкен тәжірибе болды. Бірлескен жұмысымыз үшін шексіз ризамын.

Қалай ойлайсыздар, жаңа қысқа бағдарлама қандай стильде болады?» – деп жанкүйерлеріне сауал жолдады Михаил Шайдоров.

Айта кетейік, Ше-Линн Бурн – әлемдік мәнерлеп сырғанаудағы ең танымал әрі ең көп сұранысқа ие хореографтардың бірі. Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін ол қойылым қоюшы ретінде үлкен жетістіктерге жетіп, ISU Skating Awards сыйлығының «Үздік хореограф» номинациясын екі рет жеңіп алған. Ол Юдзуру Ханю, Натан Чен, Илья Малинин, Евгения Медведева және Елизавета Туктамышева сынды әлем жұлдыздарының бағдарламаларын қойған.

Михаил Шайдоров 9 маусым күні АҚШ-қа барып, алдағы Олимпиада цикліне дайындық аясында қарқынды оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан