Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

12 сағат бұрын

Алматыда 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындық барысы таразыланды

Алматыда 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындық барысы таразыланды

Фото: Қазақстан ҰОК

2029 жылы Алматыда өтетін X қысқы Азия ойындарына дайындық аясында Азия Олимпиада кеңесінің (АОК) делегациясы қалаға алғашқы инспекциялық сапармен келді6 деп хабарлайды Sport12.kz.

Алматы қаласының әкімдігі мен қалалық Спорт басқармасы жұмыс бағдарламасын ұйымдастырды. Оның аясында жұмыс кеңестері өткізіліп, спорт нысандары мен қонақүй инфрақұрылымы таныстырылды. Инспекциялық сапарға Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Туризм және спорт министрлігінің өкілдері де қатысты.

Кездесу барысында тараптар Азия ойындарына дайындықты басқару жүйесін, жарыс бағдарламасын қалыптастыруды, спорт нысандарын жаңғырту жұмыстарын, көлік қатынасын ұйымдастыруды, қатысушыларды орналастыруды, аккредиттеу үдерісін, ақпараттық технологиялар инфрақұрылымын, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын және телетрансляция мәселелерін жан-жақты талқылады.

АОК делегациясы қаланың және тау кластерінің негізгі спорт нысандарын аралады. Олардың қатарында «Халық Арена», «Алматы Арена», «Медеу» биік таулы спорт кешені, «Шымбұлақ» тау курорты, халықаралық «Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешені және Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы бар.

Сапар барысында нысандардың қазіргі жай-күйі, оларды жаңғырту жоспары, спорттық және техникалық аймақтардың дайындығы, көлікпен қатынау мүмкіндіктері, сондай-ақ, халықаралық спорт федерацияларының талаптарына сәйкестігі қарастырылды. Азия Олимпиада кеңесінің өкілдері Алматының спорттық инфрақұрылымының әлеуетіне және Азия ойындарына дайындық барысына жоғары баға беріп, әсіресе тау кластеріндегі нысандардың мүмкіндіктері мен жоспарланған жұмыстардың қарқынын ерекше атап өтті.

Қаладағы спорт нысандарының басым бөлігі бұған дейін де ірі халықаралық жарыстарды, соның ішінде 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарын қабылдаған. Сондықтан 2029 жылғы Азия ойындарын өткізу үшін жаңа спорт нысандарын салу қажет емес. Негізгі назар қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғыртуға және оны халықаралық талаптарға сәйкестендіруге аударылады.

Сонымен қатар делегация Алматының қонақүй инфрақұрылымымен танысып, орналастыру орындарының сыйымдылығын, түрлі іс-шараларды өткізу мүмкіндігін, көлік қатынасының қолжетімділігін, сондай-ақ, спортшыларды, ресми тұлғалар мен жарыс қонақтарын қабылдау жағдайларын бағалады. Азия ойындарының тұжырымдамасына сәйкес, арнайы спортшылар қалашығын салу жоспарланбаған. Қатысушылар жарыс өтетін орындарға жақын орналасқан Алматы қонақүйлеріне орналастырылады.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар ұйымдастыру комитетін құру, бірыңғай жол картасын әзірлеу және жарыс бағдарламасын қалыптастыру бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті. Сондай-ақ негізгі функционалдық бағыттар бойынша Азия Олимпиада кеңесінің тиісті департаменттерімен өзара іс-қимылды үйлестіретін жауапты өкілдер айқындалады.

Еске сала кетейік, Алматы 2026 жылдың 5 ақпанында X қысқы Азия ойындарын өткізу құқығына ресми түрде ие болды. Ұйымдастырушы қала туралы келісімшартқа Милан қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен Азия Олимпиада кеңесінің президенті шейх Джоан бин Хамад Әл Тани қол қойды.

2026 жылдың сәуірінде Азия Олимпиада кеңесінің Атқарушы комитеті Кудрәт Шамиевті Алматы-2029 қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі Азия Олимпиада кеңесі президентінің орынбасары қызметіне бекітті. Ол ойындарға дайындық пен оларды өткізуді үйлестіріп, ұйымдастыру мәселелері бойынша Азия Олимпиада кеңесінің құрылымдарымен өзара жұмысты қамтамасыз етеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын ХОК Қазақстан ҰОК-нің келісімдер жүйесін әлемдегі үздік тәжірибелердің қатарына қосты.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан