7 сағат бұрын
Михаил Шайдоров: жаңа маусымның басталуын асыға күтемін
2026 жылғы Олимпиада чемпионы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров әлеуметтік желідегі парақшасында француз хореографы Бенуа Ришомен бірге өткен жаттығудан суреттер жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Бағдарламаларымды әрдайым өз ісінің үздігі деп санап келген мамандар дайындап жатқан алғашқы маусымым. Осы тәжірибе үшін рақмет, Бенуа ағай! Маусымның басталуын асыға күтіп жүрмін», – деп жазды Шайдоров.
Айта кетейік, Шайдоровтың тағы бір бағдарламасының қоюшысы – танымал хореограф Ше-Линн Бурн.
Қазіргі таңда спортшы АҚШ-та жаттығып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов