27.07.2026
Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионына жаңа көлік сыйға тартылды
Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченкоға жаңа автокөлік табысталды.
Салтанатты рәсім оның 1996 жылғы Атланта Олимпиадасындағы тарихи жеңісінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Автокөліктің кілтін атақты балуанға Қазақстан күрес федерациясының президенті Еркін Оқасов тапсырды.
Юрий Мельниченко 1996 жылдың шілдесінде Атлантада өткен Олимпиада ойындарының финалында америкалық Деннис Холлды жеңіп, тәуелсіз Қазақстанға алғашқы Олимпиада алтынын сыйлаған болатын.
Айта кетейік, Юрий Мельниченко – Қазақстанның грек-рим күресі тарихында тәуелсіз елдің туы астында Олимпиада чемпионы атанған әзірге жалғыз спортшы. Қазіргі таңда ол Қазақстан күрес федерациясы вице-президенті қызметін атқарады.
Біздің серіктес: Sport12kz