27.07.2026
Михаил Шайдоровтың жанкүйерлер алдында қашан өнер көрсететіндігі белгілі болды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Милан-2026 Олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоров Францияның Анже қаласында өтетін L’Art du Patinage («Мәнерлеп сырғанау өнері») мұз шоуына қатысады, деп хабарлайды Sport12.kz
9 тамызда өтетін шоу бағдарламасының қоюшысы – танымал француз хореографы Бенуа Ришо. Шайдоровтың бұл жобаға шақырылуына спортшының дәл осы маманмен шығармашылық серіктестігі себеп болған.
Анжедегі шоуда Михаил Шайдоровпен бірге Еуропа чемпионы Ника Эгадзе, Еуропаның екі дүркін чемпионы әрі әлем чемпионатының қола жүлдегері Адам Сяо Хим Фа, Ресейдің екі дүркін чемпионы Евгений Семененко, 2026 жылғы әлем чемпионатында төртінші, Милан Олимпиадасында бесінші орын алған канадалық Стивен Гоголев және америкалық мәнерлеп сырғанаушы Алина Бонильо өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: Sport12kz
Қанат Байұзақов