Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп
Матч орталығы
Жоғарғы лига Футбол Брюгге Брюгге 3:0 Аяқталды Кортрейк Кортрейк Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Фрайбург Фрайбург 15:30 Бүгін Страсбур Страсбур Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Ювентус Ювентус 16:00 Бүгін Интер Интер Премьер-Лига Футбол Алтай Алтай 17:00 Бүгін Қызылжар Қызылжар Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Челси Челси 17:00 Бүгін Милан Милан Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Айнтрахт Айнтрахт 18:00 Бүгін Халл Халл Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Гамбург Гамбург 18:00 Бүгін Лилль Лилль Премьер-Лига Футбол Жетісу Жетісу 18:00 Бүгін Ордабасы Ордабасы Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Лидс Лидс 18:00 Бүгін Лейпциг Лейпциг Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Байер Байер 18:30 Бүгін Севилья Севилья Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Кельн Кельн 18:30 Бүгін Реал Сосьедад Реал Сосьедад Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Аугсбург Аугсбург 18:30 Бүгін Сассуоло Сассуоло Лига кубогы Футбол Уотфорд Уотфорд 19:00 Бүгін Кроули Кроули Лига кубогы Футбол Вест Хэм Вест Хэм 19:00 Бүгін Портсмут Портсмут Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Брайтон Брайтон 19:00 Бүгін Рома Рома Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Тоттенхэм Тоттенхэм 19:00 Бүгін Хетафе Хетафе Примейра-лига Футбол Маритиму Маритиму 19:30 Бүгін Каза Пия Каза Пия Эредивизи Футбол НЕК НЕК 19:30 Бүгін Телстар Телстар ХНЛ Футбол Риека Риека 20:00 Бүгін Динамо Динамо Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Штутгарт Штутгарт 20:00 Бүгін Эвертон Эвертон

11 сағат бұрын

Дакар-2026 жасөспірімдер Олимпиадасына билеттер сатылымы басталды

Дакар-2026 жасөспірімдер Олимпиадасына билеттер сатылымы басталды

Фото: Қазақстан ҰОК

Дакарда (Сенегал) өтетін 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті алдағы жарыстарға билеттер сатылымының басталғанын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Сатылымның алғашқы кезеңі 6 тамызда басталып, 9 тамызға дейін жалғасады. Бұл аралықта билеттерді тек Visa карталарының иелері сатып ала алады. Ал 10 тамыздан бастап сатылым барлық қалаушыға қолжетімді болады.

Билеттерді «Дакар-2026» ойындарының ресми билет сату платформасы арқылы онлайн түрде сатып алуға болады. Ол үшін пайдаланушылар жүйеде тіркеліп, өздерін қызықтыратын спорт түрі мен жарыс сессиясын таңдап, билет санын көрсетіп, төлем жасауы қажет. Ұйымдастырушылар жарыстарды, салтанатты рәсімдерді және жанкүйерлерге арналған іс-шараларды тамашалауға мүмкіндік беретін бірнеше санаттағы билеттерді ұсынған. Билеттердің бағасы 1000 КФА франкінен (шамамен 1,8 АҚШ доллары) басталады.

Сонымен қатар, құны 1500 КФА франкінен (шамамен 2,6 АҚШ доллары) басталатын бір күндік абонементтер (Day Pass) сатылымға шығарылады. Олар көрерменге бір күн ішінде бірнеше жарысты тамашалауға мүмкіндік береді.

Ашылу салтанатына арналған билеттердің бағасы А санаты үшін 9000 КФА франкін (шамамен 15,8 АҚШ доллары), ал B санаты үшін 5000 КФА франкін (шамамен 8,8 АҚШ доллары) құрайды. Жанкүйерлер аймақтарына кіру тегін болады. Жалпы алғанда, ұйымдастырушылар шамамен бір миллион билет сатуды жоспарлап отыр.

Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасы 2026 жылдың 31 қазаны мен 13 қараша аралығында өтеді. Жарыстар Дакар, Диамниадио және Сали қалаларында ұйымдастырылады. Ойындарға әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 2700 жас спортшы қатысып, спорттың 25 түрі бойынша бақ сынайды.

Айта кетейік, Дакар-2026 ойындары жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының тарихындағы төртінші дода болмақ. Сонымен қатар, бұл Африка құрлығында алғаш рет ұйымдастырылатын Олимпиада қозғалысына қатысты ірі спорттық шара.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы алдағы ойындарда 11 спорт түрінен өнер көрсету құқығына ие болды. Қатысушылар қатарына 18 қазақстандық спортшы енді. Алайда жолдамалар спортшылардың атына тіркелмеген, сондықтан ұлттық құраманың нақты құрамы кейінірек анықталады.

Еске салсақ, World Boxing іріктеу турнирлерін өткізетін елдерді анықтады.




Біздің серіктес: Sport12kz