Матч орталығы
КХЛ Хоккей Барыс Барыс 2:3 Аяқталды Сибирь Сибирь А сериясы Футбол Аталанта Аталанта 3:1 Аяқталды Венеция Венеция Сегунда Футбол Реал Овьедо Реал Овьедо 3:1 Аяқталды Эйбар Эйбар Премьер-лига кубогы U21 Футбол Борнмут U21 Борнмут U21 6:1 Аяқталды Plymouth Argyle U21 Plymouth Argyle U21 Магнус лигасы Хоккей Руан Руан 1:2 Аяқталды Анже Анже Алеф лигасы Футбол Хапоэль Тират Хакармель Хапоэль Тират Хакармель 0:4 Аяқталды Хапоэль Бейт-Шеан Хапоэль Бейт-Шеан ТАУРОН лигасы, қыздар Волейбол Хемик Полице (Қ) Хемик Полице (Қ) 3:1 Аяқталды Энерга Калиш (Ж) Энерга Калиш (Ж) А сериясы Футбол Торино Торино 2:1 Аяқталды Удинезе Удинезе Премьер-лига Футбол Ковентри Ковентри 4:1 Аяқталды Ньюкасл Ньюкасл Ла Лига Футбол Леванте Леванте 3:3 Аяқталды Севилья Севилья Сегунда Футбол Тенерифе Тенерифе 1:1 Аяқталды Жирона Жирона АФК Чемпиондар лигасы Футбол Аль-Наср Аль-Наср 3:1 Аяқталды Нефтчи Нефтчи Примейра-лига Футбол Фамаликан Фамаликан 1:4 Аяқталды Алверка Алверка Ухань женщины Теннис Юлия Путинцева Юлия Путинцева 09:10 Бүгін Зейнеп Сонмез Зейнеп Сонмез Челленджер Цзинань Теннис Миомир Кецманович Миомир Кецманович 13:00 Бүгін Александр Шевченко Александр Шевченко Шанхай мужчины Теннис Александр Зверев Александр Зверев 15:00 Бүгін Александр Бублик Александр Бублик Лиссабон женщины Теннис Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева 16:10 Бүгін Франциска Хорхе Франциска Хорхе Чемпиондар лигасы Футбол Ланс Ланс 21:45 Бүгін Спортинг Спортинг Чемпиондар лигасы Футбол Сабах Сабах 21:45 Бүгін Славия Славия Әлем чемпионаты, іріктеу, қыздар Футбол Ирландия (Қ) Ирландия (Қ) 23:30 Бүгін Қазақстан (Қ) Қазақстан (Қ)

08.09.2026

Олимпиада-2026: Қазақстан ҰОК әлеуметтік желідегі белсенділік бойынша әлемде үздік атанды

Олимпиада-2026: Қазақстан ҰОК әлеуметтік желідегі белсенділік бойынша әлемде үздік атанды

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің әлеуметтік желідегі парақшалары Италияда өткен 2026 жылғы қысқы Олимпиада кезінде ҰОК-тер мен олимпиадалық құрамалар арасында ең жоғары нәтижелердің бірін көрсетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

IRIS Sport ұйымы ANOC Social Media Dashboard жобасы аясында жүргізген зерттеуге сәйкес, Қазақстан ҰОК-нің Instagram желісіндегі жарияланымдардың орташа белсенділігі бойынша бірінші орынға шықты. Әр жазбада орта есеппен 24 583 белсенділік тіркелген. Бұл рейтингке енген Ұлттық Олимпиадалық комитеттер арасындағы ең үздік көрсеткіш.

Қазақстан ҰОК әлеуметтік желілердің жалпы тиімділігі бойынша да жоғары нәтиже көрсетті. Жарияланымдарға аудиторияның қатысу деңгейін көрсететін Engagement Rate көрсеткіші 118,9 пайызды құрап, комитет рейтингке енген ҰОК-тер арасында төртінші орын алды. Зерттеуге енген барлық платформаларды қоса есептегенде, бір жарияланымда орта есеппен 1,26 мың белсенділік тіркелген.

Олимпиада ойындары кезінде Қазақстанға қатысты есепке алынған әлеуметтік желілердің жалпы аудиториясы 7,78 млн жазылушыға жетіп, 112 мың адамға (+4,05 пайыз) артты. Жарияланымдар жалпы 9,25 млн белсенділік жинаса, бейнематериалдар 34,1 млн рет қаралған.

Бұл нәтижеге көп материал жарияламай-ақ қол жеткізілді. Жарияланған материалдар саны бойынша АҚШ, Италия, Жапония, Ұлыбритания және Франция құрамалары көш бастады. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан ҰОК-нің нәтижесі ең алдымен жарияланымдардың тиімділігін және олардың аудиторияны белсенді әрекетке ынталандыра алғанын көрсетеді.

IRIS Sport зерттеуіне сәйкес, Олимпиада-2026 кезінде көрерменнің спортшылар туралы материалдарға көбірек қызығушылық танытқаны анықталды. Аудиторияның белсенділігін арттырған жарияланымдардың қатарында спортшылардың эмоциясы, жеңісі мен медальдары, жарысқа дайындығы, жеке оқиғалары және Олимпиада ойындарының тасадағы сәттері туралы материалдар басым болды. Спорттық нәтижелерге тікелей қатысы жоқ контент те жоғары қызығушылыққа ие болған.

Қазақстан ҰОК-нің жұмысында дәл осы бағыттарға басымдық берілді. Ұлттық құрама мүшелерінің өздерін, олардың шынайы эмоцияларын көрсетуге мән беріліп, спортшылардың өздері де контент дайындауға белсенді қатысты. Бірлескен жарияланымдар да аудиторияны кеңейтіп, жанкүйерлердің қызығушылығын арттырды. Мұндай формат әсіресе Instagram желісінде жоғары нәтиже көрсетті.


“Біз үшін әлеуметтік желідегі белсенділік бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, қатарынан екінші Олимпиада ойындарында да үздіктер қатарында болу өте маңызды. Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан ҰОК бұл көрсеткіш бойынша екінші орын алған еді. Ал 2026 жылғы Олимпиаданың нәтижесі бойынша бірінші орынға көтерілдік. Бұл атқарылып жатқан жұмыстың жүйелі екенін және ең бастысы, қазақстандықтардың ұлттық құрамаға деген қызығушылығы өте жоғары екенін көрсетеді. Біздің жанкүйерлеріміз өте белсенді. Олар спортшыларымызды бақылап, қолдау білдіреді, пікір қалдырады, жарияланымдармен бөліседі және құрамамен бірге олардың ең жарқын сәттерін бастан өткереді. Қазақстан ҰОК-нің халықаралық рейтингте тағы да көшбасшылар қатарынан көрінуіне жанкүйерлердің осы белсенділігі көп ықпал етті. Спортшыларымызға қолдау көрсетіп, Олимпиада бойы олармен бірге болған әр жанкүйерге шын жүректен алғыс айтамыз”, – деді Қазақстан ҰОК-нің PR және маркетинг департаментінің директоры Гүлназ Шукенова.

Айта кетейік, таңдалған тәсілдің тиімділігі ANOC Digital Accelerator Programme аясында да жеке бағаланды. Қазақстан ҰОК 2026 жылғы Олимпиада кезінде әлеуметтік желілермен жұмыс істеудің ең тиімді тәсілдеріне арналған IRIS Sport кейс-стадиін дайындау үшін таңдалған екі Ұлттық Олимпиадалық комитеттің бірі болды.

Еске салсақ, елімізде алғаш рет Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада және басқа да ірі халықаралық жарыстарға баратын ресми спорттық делегациялардың құрамын жасақтаудың бірыңғай тәртібі бекітілді.


Біздің серіктес: Sport12kz