5 күн бұрын
Самарқандта шахмат Олимпиадасы басталды
Өзбекстанның Самарқанд қаласында шахматтан 46-шы Олимпиаданың ашылу салтанаты өтті.
Биылғы додаға рекордтық 400 команда қатысады. Оның 208-і Open санатында, 192-сі әйелдер арасында бақ сынайды.
Қазақстан әйелдер құрамасы жарысқа әлемдік рейтингте төртінші орынмен келді. Команда сапында Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Камалиденова, Елназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиева өнер көрсетеді.
Ерлер құрамасының намысын Денис Махнёв, Алдияр Аңсат, Жандос Ағманов, Даниял Сапенов және Сауат Нұрғалиев қорғайды.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы 2024 жылы Мажарстанда өткен шахмат Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болған еді.
46-шы шахмат Олимпиадасы 16-27 қыркүйек аралығында Самарқандта өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz