Матч орталығы
Чемпиондар лигасы Футбол Сабах Сабах 2:0 Аяқталды Славия Славия Чемпиондар лигасы Футбол Ланс Ланс 0:2 Аяқталды Спортинг Спортинг Әлем чемпионаты, іріктеу, қыздар Футбол Ирландия (Қ) Ирландия (Қ) 4:0 Аяқталды Қазақстан (Қ) Қазақстан (Қ) Чемпионшип Футбол Бристоль Сити Бристоль Сити 0:1 Аяқталды Блэкберн Блэкберн Чемпионшип Футбол Рексхэм Рексхэм 1:2 Аяқталды Вест Бромвич Вест Бромвич Чемпионшип Футбол Кардифф Кардифф 5:1 Аяқталды Уотфорд Уотфорд Чемпионшип Футбол Бернли Бернли 2:2 Аяқталды Чарльтон Чарльтон Чемпионшип Футбол Вулверхэмптон Вулверхэмптон 1:3 Аяқталды Болтон Болтон Чемпионшип Футбол Сток Сток 2:3 Аяқталды Мидлсбро Мидлсбро Чемпионшип Футбол Бирмингем Бирмингем 4:0 Аяқталды Престон Престон Чемпиондар лигасы Футбол Лейпциг Лейпциг 1:0 Аяқталды ПСВ ПСВ Чемпиондар лигасы Футбол Вильярреал Вильярреал 3:1 Аяқталды Наполи Наполи Чемпиондар лигасы Футбол Арсенал Арсенал 3:0 Аяқталды Лилль Лилль Чемпиондар лигасы Футбол Викинг Викинг 3:3 Аяқталды Бавария Бавария Чемпиондар лигасы Футбол Интер Интер 3:4 Аяқталды Брюгге Брюгге Чемпиондар лигасы Футбол Атлетико Атлетико 2:0 Аяқталды Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед Чемпиондар лигасы Футбол Галатасарай Галатасарай 1:4 Аяқталды Барселона Барселона Ухань, қыздар Теннис Юлия Путинцева Юлия Путинцева 09:10 Бүгін Диана Шнайдер Диана Шнайдер Премьер-Лига Футбол Ертіс Ертіс 15:00 Бүгін Астана Астана УЕФА жасөспірімдер лигасы Футбол Кайрат U19 Кайрат U19 15:00 Бүгін OFK Mladost DG U19 OFK Mladost DG U19

17.09.2026

Қазақ ұлттық спорт университеті ХОК-тың Олимпиадалық зерттеу орталықтарының жаһандық желісіне қосылды

Қазақ ұлттық спорт университеті ХОК-тың Олимпиадалық зерттеу орталықтарының жаһандық желісіне қосылды

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақ ұлттық спорт университеті (KNUS) Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) мойындауына ие болып, Олимпиадалық зерттеулер және ғылыми орталықтардың (Olympic Studies and Research Centres, OSRC) жаһандық желісіне енді, деп хабарлайды Sport12.kz.

KNUS - Орталық Азияда мұндай мәртебеге ие болған алғашқы жоғары оқу орны. Қазіргі таңда OSRC желісіне 28 елден олимпиадалық бағытта білім беру мен ғылыми зерттеулер жүргізетін университеттер мен зерттеу орталықтары кіреді.

Қазақстандық жоғары оқу орнын желі құрамына қосу туралы шешімді ХОК-тың Олимпиадалық зерттеулер орталығы (IOC Olympic Studies Centre) академиялық олимпиадалық зерттеу орталықтарына қойылатын талаптарға сәйкес қабылдады.

Алынған мәртебе университеттің олимпиадалық құндылықтар, Олимпиада ойындары және Олимпиадалық қозғалыс тақырыптарындағы академиялық қызметі ХОК талаптарына сай екенін көрсетеді. Атап айтқанда, бұл білім беру бағдарламаларын іске асыруды, ғылыми зерттеулер жүргізуді, ғылыми жарияланымдар шығаруды, конференциялар өткізуді және осы бағыттағы білімді таратуды қамтиды.

Академиялық олимпиада зерттеу орталығы ретінде танылудың негізгі талаптарының бірі - Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми қолдауы. KNUS пен Қазақстан ҰОК олимпиадалық білім мен ғылымды дамыту, сондай-ақ Олимпиадалық қозғалыс құндылықтарын насихаттау бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асырып келеді.

Екі ұйымның тығыз ынтымақтастығы университеттің халықаралық мәртебе алуына жол ашқан маңызды факторлардың бірі болды.

OSRC жаһандық желісіне қосылу Қазақ ұлттық спорт университетіне әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарымен байланысын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, университет Олимпиадалық дүниежүзілік кітапхананың (Olympic World Library) ресурстарына қол жеткізіп, халықаралық деңгейдегі бірлескен ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Қазақстан үшін бұл мәртебе ұлттық олимпиадалық білім мен ғылымның халықаралық академиялық ортаға одан әрі енуіне жаңа мүмкіндіктер береді.


Біздің серіктес: Sport12kz