20.09.2026
Қазақстандық шахматшылар Олимпиададағы кезекті жеңісіне қол жеткізді
Самарқандта өтіп жатқан шахмат Олимпиадасының бесінші турында Қазақстан әйелдер құрамасы Германияны жеңсе, ерлер командасы Эстониямен тең түсті.
Әйелдер арасындағы партияда Қазақстан құрамасы Германияны 2,5:1,5 есебімен ұтты. Бес сағатқа созылған матчтағы Меруерт Камалиденова жеңіске жетті. Ол Ханна Мари Клекке қарсы партияда басым түсті.
Қалған үш партия тең нәтижемен аяқталды.
Әйелдер. 5-тур
Қазақстан – Германия 2,5:1,5
Бибісара Асаубаева – Динара Вагнер — тең
Алуа Нұрман – Элизабет Петц — тең
Меруерт Камалиденова – Ханна Мари Клек — жеңіс
Елназ Қалиахмет – Яна Шнайдер — тең
Ерлер құрамасы Эстониямен кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті. Сауат Нұрғалиев өз партиясында жеңіске жетсе, Денис Махнёв пен Даниал Сапенов тең нәтиже көрсетті. Аңсат Алдияр қарсыласына есе жіберді.
Ерлер. 5-тур
Қазақстан – Эстония 2:2
Денис Махнёв – Илья Сирош — тең
Сауат Нұрғалиев – Кирилл Чукавин — жеңіс
Даниал Сапенов – Меэлис Канеп — тең
Аңсат Алдияр – Дион Кривенко — жеңіліс
Алтыншы турдың ойындары ертең өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz