20.06.2025

Comic Con фестивалі – бұл параллель әлемдерге ашылатын портал

Comic Con фестивалі – бұл параллель әлемдерге ашылатын портал

Джедайдан Барбиге дейін: Comic Con қарсаңында қаһарман жолын еске түсірейік

Қаһармандар қазір өзгерді. Бұрын олар мінсіз, түзу, тебіреніп сөйлейтін болса, қазір – әзілқой, ішкі қайшылықтары мен өмірге сұрақтары бар шынайы кейіпкерлер. Бүгінде қаһарман – серілер емес, өмірде орнын іздеген, шыншыл тұлғалар.

Ескі қаһармандар: миссия, мораль, пафос

Бұрын қаһарман – идеал болатын. Супермен десе әділеттілік, Люк Скайуокер – десек Йоданың бағыттауымен жүрген джедай есімізге түседі. Олар әлемді құтқарды, себебі қаһарманның рөлі сондай. Бэтмен де өз кодексіне берік тұлға.

Жаңа толқын: әзіл, өзін-өзі сынау, жаралар

Ал бүгінгі қаһарман – құтқарушы емес, “терапевт” деп айтсақ болады. Ол галактиканы құтқарып жүріп, жан дүниесімен де күреседі.Мысалы,  «Галактика сақшылары» фильміндегі қаһармандар: жүректері жұмсақ, әзілдегенді жақсы көреді, шайқасып жатып музыка тыңдайды. «Х-Men» де енді жақсылық пен жамандықтың күресі емес, өзгешелікті қабылдау туралы. Қаһарман болу – өзіңді тану, сүйгеніңді қорғау мағынасына келетін болған. 

Шаблонды бұзу: постирония, гламур, тереңдік

Көрермендер кейіпкерлермен бірге күле бастағанда — Барби пайда болды. Идеалды қуыршақ, бірақ кенеттен экзистенциалды дағдарысқа ұшырайды. Ол өзінің кім екенін сұрай бастайды.

«Главный герой» киносында да — өз орнын тапқан ойын кейіпкері. Оның қаһармандығы — оның таңдауында.

«Қаһармандар шекарада: Питер Паркер мен Безумный Макс»

Питер Паркер — сол баяғы әрдайымкөмекке келетін бала. Оның қаһармандығы — ересек болуға ұмтылу.

Безумный Макс – үнсіз, жаралы, бірақ көмек қажет болса міндетті түрде келеді. 

Қорытынды: қаһарман болу — қиын, бірақ шынайы

Қазіргі кейіпкерлер – көрерменнің өздеріне меңзейді. Қорқады, әзілдейді, эмоция – бәрі бар. Сондықтан да біз оларды жақсы көреміз.Себебі олар бізге ұқсайды. 

Жоғарыда айтып кеткен қаһармандар туралы киноны MEGOGO медиасервисінен таба аласыз. Қалаған құрылғыңыздан қараңыз, жүктеп те алсаңыз болады.

Сонымен қатар, өзіңе лайық костюміңді таңда да, 9–13 шілде аралығында Comic Con Astana-ға кел! MEGOGO кино әлемімен, арнайы безендірілген стендімен және қаһармандарға арналған сыйлықтарымен сонда болады


Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Хоккей 7 сағат бұрын

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Футбол 7 сағат бұрын

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Футбол 8 сағат бұрын

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Футбол 8 сағат бұрын

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Футбол 9 сағат бұрын

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты

Бокс 10 сағат бұрын

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты