03.10.2025

Отандасымыз Денис Тен мемориалының қысқа бағдарламасында топ жарды

Отандасымыз Денис Тен мемориалының қысқа бағдарламасында топ жарды

3 қазанда Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында сайыс басталды, деп хабарлайды Sport12.kz

Бұл бағдарламада тек қазақстандық спортшылар өнер көрсетуде.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Артур Смағұлов 61.57 ұпаймен үздік нәтиже көрсетті. Одан кейін Никита Козлов - 48.08 ұпай. Үшінші орын Кенан Бердібаевқа бұйырды – 44.20 ұпай.


Біздің серіктес: Sport12kz