Матч орталығы
Сегунда Футбол Реал Сосьедад 2 Реал Сосьедад 2 0:1 Аяқталды Кастельон Кастельон Примейра-лига Футбол Спортинг Спортинг 3:2 Аяқталды Гимарайнш Гимарайнш Италия кубогы Футбол Фиорентина Фиорентина 4:1 Аяқталды Беневенто Беневенто Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Фрайбург Фрайбург 17:00 Бүгін Кристал Пэлас Кристал Пэлас Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Челси Челси 18:00 Бүгін Реал Сосьедад Реал Сосьедад Премьер-Лига Футбол Жеңіс Жеңіс 18:00 Бүгін Жетісу Жетісу Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Бавария Бавария 18:30 Бүгін Лейпциг Лейпциг Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 19:00 Бүгін Дерби Дерби Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Эвертон Эвертон 19:00 Бүгін Лилль Лилль Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Ньюкасл Ньюкасл 19:00 Бүгін Байер Байер Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Сандерленд Сандерленд 19:00 Бүгін Ренн Ренн Чемпионшип Футбол Мидлсбро Мидлсбро 19:00 Бүгін Линкольн Линкольн Чемпионшип Футбол Бристоль Сити Бристоль Сити 19:00 Бүгін Миллуолл Миллуолл Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 19:00 Бүгін Вест Бромвич Вест Бромвич Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 19:00 Бүгін КПР КПР Чемпионшип Футбол Сток Сток 19:00 Бүгін Суонси Суонси Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Тоттенхэм Тоттенхэм 19:00 Бүгін Хоффенхайм Хоффенхайм Примейра-лига Футбол Алверка Алверка 19:30 Бүгін Эштрела Эштрела Эредивизи Футбол Виллем 2 Виллем 2 19:30 Бүгін НЕК НЕК Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед 19:45 Бүгін Милан Милан

04.12.2025

Ауыр атлетикадан Ақжол Құрманбек Қазақстан чемпионатында рекорд жаңартты

Ауыр атлетикадан Ақжол Құрманбек Қазақстан чемпионатында рекорд жаңартты

Ауыр атлетикадан Астанадағы «Алатау» спорт сарайында Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz

Бүгін ерлер арасындағы 79 келіде жүлде сарапқа салынып, 18 жастағы Ақжол Құрманбек серпе көтеруде Қазақстан рекордын жаңартты.

79 келі. 16 спортшы

1-орын. Ақжол Құрманбек (Жетісу обл) – 352 келі (152+200)

2-орын. Петр Хребтов (Азия чемпионатының қола жүлдегері, Алматы қ.) – 324 келі (144+180)

3-орын. Ыбырай Ерасыл (Жетісу обл) - 290 келі (129+163)

Айта кетейік, бұл салмақта жастар және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Едіге Емберді жарақатына байланысты қатыса алмады. Едіге қыркүйек айында ғана осы салмақта Норвегиядағы әлем чемпионатына қатысып, 351 (155+196) көрсеткішімен жалпы есепте 6-орынға тұрақтаған.

2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 79 келіде басты фаворит Алексей Чуркин де отбасылық жағдайына қатысты жарыстан босатылды.

«Бапкерлерімнің арқасында жеңіске жеттім. Өкінішке қарай, жұлқа көтеру жаттығу толықтай көңілімнен шықпады. Жоспарымыз мүлдем басқа еді. Ал серпе көтеруде рекордты жаңарттым. Енді 2026 жылы U20 санатындағы әлем чемпионатына қатысуды көздеймін. Өзім 5 жасымнан бастап, ауыр атлетикамен айналысып келе жатырмын. Темір кешірмейді. Сондықтан үнемі жаттығамын. Бәсекелестікке келетін болсам, алдағы жарыста Едіге Емберді екеуміз көрермендерге тартысты шоу сыйлаймыз деген сенімдемін», - деді Ақжол Құрманбек.

Айта кетейік, Ақжол 2024 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдесін және Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алған болатын.


Біздің серіктес: Sport12kz