09.01.2026
Ольга Рыпакова Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметінен кетті
Фото: Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы
Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметінен кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметіне «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов келді.
Ал Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының құрметті президенті қызметіне ауысты. Бұл шешім Ольг Рыпакованың Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының мүшесі ретінде халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау және шетелдік мамандармен ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жұмыстың көлеміне байланысты қабылданды. Тәжірибелі маман бір жыл бойы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметін атқарған.
Айта кетсек, жеңіл атлетика Қазақстандағы ең танымал спорт түрлерінің бірі саналады. Қазіргі таңда елімізде бұл спорт түрімен 360 мыңнан астам адам жүйелі түрде айналысады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан