Матч орталығы
ВХЛ Хоккей Динамо Динамо 2:0 Аяқталды Югра Югра Еуропа чемпионаты U19 Футбол Аустрия U19 Аустрия U19 18:00 Бүгін Англия U19 Англия U19 Қазақстан чемпионаты Хоккей Торпедо Торпедо 1:2 Аяқталды Горняк Горняк Еуропа чемпионаты Волейбол Бельгия Бельгия 3:1 Аяқталды Чехия Чехия ВХЛ Хоккей ВВС ВВС 6:4 Аяқталды Молот Молот ВХЛ Хоккей Нефтяник Нефтяник 3:4 Аяқталды Торос Торос КХЛ Хоккей Ак Барс Ак Барс 2:2 07:01 Лада Лада ВХЛ Хоккей Калуга Калуга 6:0 10:00 Тамбов Тамбов ВХЛ Хоккей Рязань Рязань 3:3 05:00 Дизель Дизель Челленджер Сан-Диего 2 Теннис Олукайоде Айени Олукайоде Айени 23:00 Бүгін Эван Жу Эван Жу Челленджер Сан-Диего 2 Теннис Якуб Врба Якуб Врба 23:00 Бүгін Спенсер Джонсон Спенсер Джонсон Челленджер Сан-Диего 2 Теннис Озан Барис Озан Барис 23:00 Бүгін Алекс Рыбаков Алекс Рыбаков Челленджер Генуя 2 Теннис Хуан Крус Мартин Мансано Хуан Крус Мартин Мансано 23:30 Бүгін Самуэль Пиери Самуэль Пиери Еуропа чемпионаты Волейбол Словения Словения 00:00 Ертең Сербия Сербия Сингапур женщины Теннис Мария Саккари Мария Саккари 08:00 Ертең Линда Фрухвиртова Линда Фрухвиртова Суперкубок Турции Баскетбол Фенербахче Фенербахче 22:00 Ертең Бешикташ Бешикташ Лига Магнус Хоккей Англет Хормади Англет Хормади 23:30 Ертең Шамони Шамони Ла Лига Футбол Леванте Леванте 23:00 21.10 Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао Конференциялар лигасы Футбол Аталанта Аталанта 22:45 05.11 Қайрат Қайрат

15.03.2026

Олимпиада жүлдегері Софья Берульцева Премьер-лигада топ жарды

Олимпиада жүлдегері Софья Берульцева Премьер-лигада топ жарды

Италия астанасы Римде WKF каратэден 2026 жылдың екінші Премьер-лига санатындағы бәсекесі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz

Қазақстан командасы беделді жарыста 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл жалпыкомандалық есептегі 3-орын. Ұлттық құрама көшбасшысы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (+68 кг) финалда Рошель Уолтерсті (Англия) 2-1 есебімен ұтты. Осылайша, ол қатарынан екінші Премьер-лига бәсекесінде жеңімпаз атанды. Софья өткен айда Ыстанбұлда қаласындағы турнирде алтыннан алқа таққан.

Ал кумите бағдарламасында -61 кг өнер көрсеткен Әсел Қанай күміс жүлдегер атанды. Отандасымыз финалда жапониялық спортшы Сарара Шимадамен күш сынасты. Жекпе-жек негізгі уақытта 3-3 есебімен тең аяқталды. Шимада ұпай сапасы бойынша басым түсті. Бұл - Әселдің осы маусымдағы Премьер-лига жарысындағы алғашқы медалі. Ол былтырғы 4 турнирдің нәтижесінде өз салмағында үздік шығып, Grand Winner атағын жеңіп алған.

Сондай-ақ Премьер-лига санатындағы турнирге алғаш рет қатысқан 18 жастағы Мирас Әбдіқадыр (-60 кг) өз салмағында үздік үштікті түйіндеді. Мирас қола медаль үшін айқаста түркиялық каратэші Бурак Өздемирді 4-3 есебімен тізе бүктірді.

Бүгін қола жүлдеге таласқан тағы бір отандасымыз Никита Тарнакин (-84 кг) жапон спортшысына жол беріп, үздік бестіктен көрінді.

Қазақстан командасы Римдегі додада жалпыкомандалық есепте 3-орынға жайғасты.

1. Жапония (3 алтын, 2 күміс, 3 қола)

2. Италия (1 алтын, 1 күміс, 6 қола)

3. Қазақстан (1 алтын, 1 күміс және 1 қола)

4. WKF-1 (Ресей) 1 алтын, 1 күміс

5. Украина (1 алтын, 1 күміс)

Айта кетейік, Жапония мен Италия осы бәсекеге ең көп спортшы (39 атлеттен) қосқан командалар. Қазақстан сапында 16 татами шебері сынға түсті.

Италиядағы турнирде ката және кумите бағдарламасында барлығы 66 мемлекеттен 384 атлет күш сынасты. Келесі Премьер-лига додасы сәуірде Қытайда өтеді.


Біздің серіктес: Sport12kz