Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Президент балалар спортын дамытатын заңға қол қойды

Президент балалар спортын дамытатын заңға қол қойды

Фото: Қазақстан ҰОК

Президент балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшіруді көздейтін заңға қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Енді бір спортшыға жылына шамамен 415 мың теңге бөлінеді (бұрын – 233 мың еді). Жаңа жүйе 2026 жылдан бастап іске қосылады.

Сондай-ақ, біліктілігі расталған жаттықтырушылардың жалақысы 30%-ға артады.

Бүгінде елімізде 526 спорт мектебінде 400 мыңға жуық бала жаттығады. Саланы дамытуға 2028 жылға дейін 74 млрд теңге бағытталады.

Сонымен қатар спорттық инфрақұрылым да қарқынды дамып келеді . Атырау облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында дарынды спортшыларға арналған заманауи мектеп-интернат салынуда.

Барлық шаралар болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан