1 күн бұрын
Таеквондодан Айым Серікбаева әлем чемпионатында сенсация авторы атанды
Қазақстандық таеквондошы Айым Серікбаева жастар арасындағы Әлем Чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz
Жартылай финалда ол Хорватия спортшысы, жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы Петра Углешичті 2:0 есебімен жеңді.
Айым Серікбаева қыздар арасында 44 келіге дейінгі салмақта бақ сынауда. Оның финалдағы қарсыласы Понсе Нуньес (Мексика) болмақ.
Айта кетерлігі, Ташкентте таеквондодан (WT) жастар арасында Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының қоржынында Ерасыл Ерзат пен Ислам Медетбай еншілеген қос қола жүлде бар.
Әлем біріншілігі 17 сәуірге дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов