Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Әлем чемпионы Айым Серікбаева қомақты сыйақы алатын болды

Әлем чемпионы Айым Серікбаева қомақты сыйақы алатын болды

Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы

Таеквондодан әлем чемпионы Айым Серікбаева жүлдесі үшін қомақты сыйақы алатын болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан таеквондо федерациясы мәлім етті.

- Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының президенті Кудрәт Шамиев бүгін тарихи жетістікке қол жеткізген Айым Серікбаеваға 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы тағайындады. Ол жастар арасындағы әлем чемпионы атанған еді, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, таеквондодан (WT) жастар арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Ташкент қаласында өтіп жатқан жарыста 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Айым Серікбаева чемпион атанды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан