Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

12 сағат бұрын

Астанада Run for Autism 2026 жүгіру жарысы өтеді

Астанада Run for Autism 2026 жүгіру жарысы өтеді

IV жыл сайынғы қайырымдылық жүгіру жарысы 2026 жылғы 26 сәуірде Астана қаласындағы Ботаникалық бақта өтеді және аутизм туралы ақпараттандыру айына орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды Sport12.kz

Жиналған қаражат аутизмі бар жасөспірімдер мен ересектерді кәсіби оқытуға, құрал-жабдықтар алуға және «Bolashak Charity» қорының Құзыреттілік орталығында білім беру гранттарын ұсынуға бағытталады.

Жүгіру жарысы менталдық денсаулық тақырыбына арналады — аутизм, депрессия, мазасыздық және басқа да менталдық жағдайлары бар адамдарды қолдауға бағытталған.

Қашықтықтар: 1 км, 2,5 км, 5 км, 10 км. Тіркелу: www.runforautism.kz

Бағдарламада: түрлі қашықтықтағы жүгірулер, ерекше балаларға арналған эстафета және серіктестерден сыйлықтар ұтысы.

Жүлде қорында 20-ға жуық сыйлық бар, оның ішінде: 1 тонна бензин, смартфон, 5 жұлдызды қонақ үйлерге сертификаттар, кофе мен йогурт қоры, тау велосипеді және басқа да сыйлықтар.

Run for Autism 2026 жүгіру жарысы Астана қаласы әкімдігінің, сондай-ақ серіктестер мен демеушілердің қолдауымен өтеді. Олардың қатарында: «NAK» құрылыс холдингі, ALSTOM, TechnoGym компаниялары, «Село Лесное» сауда белгісі, KAZZINC, Dandelion, Garden, «Курочка Ряба», Ozen, MYD Production, Drinkit Coffee, G-Life, Qazaq Oil, TUMI, Fix Price, SARQYT, Y Cosmetology, VEOLES, Арзан ALEM e-commerce Turan Water, A-Event, INTERTOP, Rixos Borovoe, NAVAT чайхана, Abyroi, iSpace, AI Trust Clinic, Chaplin Cinemas, FlyArystan, Summer Love Frozen Yogurt, Мясная лавка FARШ/Бургерная, QAZAQ ATHLETICS, Cheese Show, Digital Boards, LIFTMEDIA, ТРЦ Keruen, 5G Kcell Activ, ARGYMAQ, Hilton Astana, ASTANA PRODUCTION, Marwin, Sundar Yoga, «Орловские бани», ANTA, Ailand, IT-компания Digital Bords, My Start, Mustafin Magazine, ASTANA TV, Love Radio Qazaqstan, Codus Media, Aitmedia, Proreklama және басқа да ұйымдар бар.

Run for Autism 2023–2025

Қазақстанда Run for Autism алғаш рет 2023 жылы өтті. Үш жыл ішінде оған 6 443 адам қатысып, 79 серіктес пен демеуші қосылды.

Жалпы 42 348 444 теңге жиналып, 25 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Нәтижесінде 200-ден астам бала қатарластарымен бірге білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Run for Autism — бұл тек спорт емес, аутизмді қолдауға бағытталған қоғамдық қозғалыс. Жүгіруге кәсіби спортшылар, әуесқойлар, бейжай қарамайтын азаматтар, ерекше балалардың отбасылары және инклюзия саласындағы мамандар қатысады.

Қатысушылар географиясы Қазақстанның көптеген қалаларын қамтыды, ал 2024 жылдан бастап онлайн формат енгізіліп, халықаралық қатысушылар да қосылды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан