Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатында кезекті жүлде түсті

Таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатында кезекті жүлде түсті

Ташкентте өтіп жатқан таеквондодан (WT) жастар арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты, деп хабарлайды Sport12.kz

Үшінші қоланы ұлдар арасында 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Алидар Абдукаримов иеленді.

16 жасар Алидар жарыстың жартылай финалында Аюбхон Набиевке (Өзбекстан) есе жіберді. Жартылай финалға дейін ол үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеткен болатын.

Әлем чемпионатының бесінші жарыс күнінің нәтижесі бойынша Қазақстан қоржынында бір алтын, үш қола жүлде бар. Қазақстан сапынан Айым Серікбаева Әлем чемпионы атанса, Ерасыл Ергеш пен Ислам Медетбай қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Ташкентте өтіп жатқан Әлем біріншілігіне барлығы 119 елден 1000-ға жуық жас даянг шебері қатысуда.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан