6 сағат бұрын
Бибісара Асаубаева өзбекстандық шахматшы жайлы сөз қозғады
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үміткерлер турнирі алдында өзіне қолдау көрсеткен өзбекстандық Жавохир Синдaров туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Иә, мен оның жеңіске жеткеніне өте қуаныштымын. Ол толықтай жеңіске лайық болды.
Иә, бұл шынымен де өте жақсы болды, Менің ойымша, оның алғашқылардың бірі болып Үміткерлер турниріне жолдама алғаны да әсер етті. Менде рапид пен блицтен әлем чемпионатында жағдай оңай болмады. Ал Әлем кубогынан кейін ол маған: «Енді біз сенің іріктелуіңе назар аударамыз. Содан кейін Үміткерлер турниріне дайындаламыз деді», — деп бөлісті шахматшы.
Кеше қорытынды тур нәтижесінде Асаубаева 8 ұпай жинап, 2026 жылғы Үміткерлер турнирінде екінші орын алды. Алдыңғы күні Синдaров ерлер арасындағы турнирде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов