Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Спорт жарыстарының кестесі жарияланды

Спорт жарыстарының кестесі жарияланды

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі 13-19 сәуір күндері өтетін спорт жарыстарының кестесін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz

15-19 сәуір – таеквондодан кадеттер арасындағы халықаралық турнир

Ел намысын 5 спортшы қорғайды.

Өтетін орны: Аликанте қ. (Испания).

15-21 сәуір – шахматтан жастар мен кадеттер арасындағы әлем чемпионаты

40 елден 428 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасынан 53 спортшы бақ сынайды.

Өтетін орны: Врнячка-Баня қ. (Сербия).

16-19 сәуір – дзюдодан Азия чемпионаты

Қазақстаннан 18 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Ордос қ. (Қытай).

16-20 сәуір – күрес түрлерінен жастар арасындағы халықаралық турнир

Жарыста отандық 16 палуан белдеседі.

Өтетін орны: Анталья қ. (Түркия).

17-19 сәуір – велотректен Әлем кубогі

Қазақстаннан 4 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Гонконг.

17-19 сәуір – көркем гимнастикадан Әлем кубогі

Ел құрамасынан 2 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Баку қ. (Әзербайжан).

17-19 сәуір – семсерлесуден «Гран-при» турнирі

Халықаралық жарыста 8 спортшымыз бақ сынайды.

Өтетін орны: Будапешт қ. (Мажарстан).

18-24 сәуір – шайбалы хоккейден жасөспірімдер (U-18, IA дивизионы) арасындағы әлем чемпионаты

Жаһандық додаға Қазақстан құрамасы да қатысады.

Өтетін орны: Крыница-Здруй қ. (Польша).

19 сәуір – WT таеквондодан Spanish Open халықаралық жарысы

Турнирде 10 спортшымыз өнер көрсетеді.

Өтетін орны: Аликанте қ. (Испания).



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан