4 сағат бұрын
БК «Астана» клубының бас бапкері өмірден өтті
«Астана» баскетбол клубы ауыр қаза туралы хабарлады. Команданың бас бапкері Рамунас Цвирка 59 жасында өмірден өтті.
Тәжірибелі маман баскетболды дамытуға зор үлес қосып, кәсіби мансабының елеулі бөлігін осы салаға арнаған. Оның жетекшілігімен команда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, нәтижеге ұмтылысымен ерекшеленді.
Рамунас Цвирканың клуб пен ойыншылардың дамуына қосқан үлесі айрықша болды.
Клуб ойыншылары, бапкерлер штабы және басшылығы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан