Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Сәуір айында елімізде қандай жарыстар өтеді?

Сәуір айында елімізде қандай жарыстар өтеді?

Сәуір айында ауқымды спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Sport12.kz

Еліміздің барлық өңірлерінде халықаралық турнирлер, республикалық чемпионаттар, сондай-ақ жастар мен жасөспірімдер арасында жарыстар өтеді.

Негізгі іс-шаралардың қатарында Алматыда өтетін «FIP GOLD ALMATY» халықаралық падел турнирі, қысқы спорт түрлері бойынша чемпионаттар (мәнерлеп сырғанау, хоккей), сондай-ақ жазғы спорт түрлері: гандбол, регби, велоспорт, триатлон және ескек есу жарыстары бар.

Бағдарламаға командалық спорт түрлері, жекпе-жек, ұлттық ойындар (асық ату, қазақ күресі), мектеп лигалары және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша турнирлер енгізілген.

Сонымен қатар, бұқаралық спорт пен параспортқа да ерекше көңіл бөлінеді. Волейболды отырып ойнау, голбол және бочча бойынша жарыстар өтеді.

Сәуір айы елдің түкпір-түкпірінен келген спортшыларымызды біріктіріп, салауатты өмір салтын насихаттайтын мазмұнды әрі жарқын кезең болмақ.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан