Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Тағы бір таеквондошымыз жастар арасындағы әлем чемпионатында жүлде алды

Тағы бір таеквондошымыз жастар арасындағы әлем чемпионатында жүлде алды

Ташкентте таеквондодан (WT) жастар арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, деп хабарлайды Sport12.kz

Жарыстың соңғы күнінде 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әділет Шері қола жүлдені жеңіп алды.

Жарыстың жартылай финалында ол Тунис спортшысы Малек Макронимен кездесті.

Айта кетерлігі, бұл Қазақстан қоржынына түскен 5-ші жүлде.

6 күнге созылған таеквондодан (WT) жастар арасындағы Әлем чемпионатында Айым Серікбаева жеңімпаз атанды. Ерасыл Ерзат, Ислам Медетбай, Алидар Абдукаримов және Әділет Шералы қола жүлдені иеленді.

Ташкентте өтіп жатқан Әлем біріншілігіне барлығы 119 елден 1000-ға жуық жас даянг шебері қатысуда.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан