7 сағат бұрын
Әділет Шері таеквондодан әлем чемпионатында қола алды
Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстандық таеквондошы Әділет Шері Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті мәлім етті.
Отандасымыз 51 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалына дейін жетті.
Ол бұл кезеңде Тунис өкілі Малек Макронимен кездесіп, қарсыласына жол берді. Осылайша Әділет Шері әлем чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан