Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Ұлттық ұлан самбодан Әлем кубогында жүлдегер атанды

Ұлттық ұлан самбодан Әлем кубогында жүлдегер атанды

Арменияның Ереван қаласында өткен самбодан Әлем кубогында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері жүлделі орындарға ие болды. Жарысқа 22 елден 500-ден астам спортшы қатысты.

64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 7552 әскери бөлімінің атқыштар ротасының ефрейторы Нұрсұлтан Нұрсейтов қола медаль жеңіп алды.

Ал 98 келіге дейінгі салмақта әскерлердің спорт командасын даярлау орталығының аға маманы ефрейтор Еламан Қойшыбаев күміс жүлдегер атанды.

Еламан Қойшыбаевтың айтуынша, халықаралық деңгейдегі жарыстарда ел намысын қорғау — үлкен жауапкершілік. Ол бұл жетістікті тынымсыз жаттығудың және қолдаудың нәтижесі деп бағалады.

Ұлттық ұлан өкілдерінің бұл нәтижесі олардың жоғары дайындық деңгейін, мықты рухын және кәсібилігін көрсетті.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан