Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

12 сағат бұрын

Бакудегі сенсация: Ақмарал Ерекешева әлем Кубогында жүлде алды 

Бакудегі сенсация: Ақмарал Ерекешева әлем Кубогында жүлде алды 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Көркем гимнастикадан Әзербайжан астанасы Бакуде өткен әлем кубогының үшінші кезеңінде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева бірінші мәрте қатысып, таспа сайысында үздік үштікке енді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Дарья Варфоломеева (Париж Олимпиадасының чемпионы) - 28.800 ұпай

София Раффаэли (Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) - 28.500

Ақмарал Ерекешева - 27.000

Отандасымыз жарыс жолында Азия ойындарының чемпионы Тахмина Икромова (Өзбекстан), әлем чемпионатының жүлдегері Таисия Онорийчук (Украина), Стилияна Николова (Болгария) сынды мықтылардан озды.

Сондай-ақ отандасымыз көпсайыс қорытындысы бойынша, ТОП-10-ға да кірген болатын.

Айта кетейік, бұған дейін әлем Кубогында 2023 жылы Эльжана Таниева ұршық жаттығуында қола жүлде алған болатын.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан