Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Ерлік Сертай Гран-при турнирінің финалына жолдама алды  

Ерлік Сертай Гран-при турнирінің финалына жолдама алды  

Фото: Қазақстан ҰОК

Мажарстан астанасы Будапешт қаласында ерлер мен әйелдер арасында семсерлесуден сапы сайысы бойынша Гран-при турнирі өтуде, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ерлер арасындағы жарыстың финалына қазақстандық спортшы Ерлік Сертай шықты.

Топтық кезеңде отандасымыз 6 кездесудің 6-ында жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне өтті. Одан кейін тағы 5 жекпе-жекте басым түсті:

1/32 финал

Ерлік Сертай – Нам Ён Хо (Корея) - 15:6

1/16 финал

Ерлік Сертай – Левенте Бута (Венгрия) - 13:12

1/8 финал

Ерлік Сертай – Гергелий Сиклоши (Венгрия) (Олимпиада чемпионы) - 15:12

Ширек финал

Ерлік Сертай – Якуб Юрка (Чехия) (Олимпиада жүлдегері) - 15:9

Жартылай финал

Ерлік Сертай – Иан Хаури (Швейцария) - 15:12

Финалда Ерлік Сертай Мажарстан өкілі, командалық сапыдан Олимпиада чемпионы Давид Надьмен кездеседі.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан