Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Ерлік Сертай семсерлесуден Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

Ерлік Сертай семсерлесуден Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан семсерлесуден сапы сайысы бойынша Гран-при турнирінде қазақстандық Ерлік Сертай күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақтық сында отандасымыз жарыс қожайыны, мажарстандық Давид Надьмен кездесіп, 12:15 есебімен қарсыласына жол берді.

Айта кетейік, беделді додаға 49 елден 352 ер және 282 әйел спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасы бұл жарыста толық құраммен өнер көрсетіп жатыр.

Ерлер құрамында: Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай, Кирилл Павлов, Александр Федотов және Никита Жулинский бақ сынауда.

Бас бапкер - Алексей Писцов.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан