Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Қазақ спортшылары тағы бір табысты аптаны қорытындылады

Қазақ спортшылары тағы бір табысты аптаны қорытындылады

Өткен апта қазақстандық спорт үшін табысты болды. Әртүрлі спорт түрлерінде ел намысын қорғаған атлеттер халықаралық ареналарда жоғары нәтиже көрсетті.

Дзюдо: Қытайдың Ордос қаласында өткен Азия чемпионатында қазақстандық балуандар алты медаль жеңіп алды. Әділет Алмат (81 кг) чемпион атанса, ұлттық құрама аралас командалық сында күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Айдар Арапов (90 кг), Эсмигүл Куюлова (63 кг) және Аруна Жангельдина (78 кг) қола медаль еншіледі.

Семсерлесу: Ерлік Сертай Мажарстан астанасы Будапештте өткен Гран-при кезеңінде күміс жүлдегер атанды. Финалда ол жергілікті спортшы Давид Надьге 12:15 есебімен есе жіберді.

Таеквондо: Қазақстан құрамасы Ташкентте өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды. Айым Серікбаева (44 кг) алтын жүлде алып, тарихи жетістікке қол жеткізді. Ал Ерасыл Ерзат (48 кг), Ислам Медетбай (55 кг) және Әлидар Әбдікәрімов (68 кг) қола жүлдегер атанды.

Сонымен қатар Испанияда өткен Spain Open халықаралық турнирінде қазақстандықтар 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Теннис: Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өткен WTA 500 турнирінде жеңіске жетті. Финалда ол чехиялық Каролина Мухованы 7:5, 6:1 есебімен жеңді. Айта кетейік, Рыбакина бұл жарыста 2024 жылы да топ жарған еді.

Шайбалы хоккей: Испанияның Пучсерда қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының IB дивизионында Қазақстан құрамасы үшінші орынды иеленді.

Қазақстандық спортшылардың бұл жетістіктері ел спортының қарқынды дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан