Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Үшінші рет мүмкіндік алған Санья: VI Азия жағажай ойындары жайлы не білеміз?

Үшінші рет мүмкіндік алған Санья: VI Азия жағажай ойындары жайлы не білеміз?

22-30 сәуір аралығында Қытайдың Санья қаласы араға 10 жыл салып, Азия жағажай ойындарын қабылдайды, деп хабарлайды Sport12.kz

Неге 10 жылдан кейін өтеді?

Бұған дейін Азия жағажай ойындарын 2016 жылы Дананг (Вьетнам) қабылдаған. Одан кейін 2020 жылы Қытайдың Санья қаласы өткізуі керек еді. Алайда пандемияға байланысты 2021 жылға шегерілді. Одан кейін тағы да жарыс белгісіз уақытқа кейінге қалды. Тек 2025 жылы ғана VI жағажай ойындары өтетіндігі жайлы ресми мақұлданды.

Қандай спорттар қамтылады?

Бір аптаға жалғасатын жарыста 15 спорт түрінен жүлде сарапқа салынады. Рекордтық 45 елден 1800-ге жуық спортшы додаға қатысуға ниет білдірсе де, жағажай футболынан командалардың жетіспеушілігіне байланысты әйелдер сайысы өтпейтін болды. Қытай жарыс қожайыны ретінде текбол мен жағажай кабаддиі ойынын алғаш рет енгізді. Қазақстан бұл бәсекеге 9 спорт түрінен 70 спортшысын жібереді. Олар 3х3 баскетбол, су добы, жағажай волейболы, желкенді спорт, триатлон, спорттық құзға өрмелеу, ашық суда жүзу, джиу-джитсу, жағажай күресінде сынға түседі.

Бұған дейін қалай өнер көрсеткенбіз?

Бастапқыда 2008 жылдан бері 2 жылда бір рет ұйымдастырылған 5 жағажай ойындарына да Қазақстан құрамасы өнер көрсетіп, ең үздік көрсеткішін 2014 жылы Таиландта (8 алтын, 9 күміс, 10 қоламен жалпы есепте 6-орын) тіркеген.

Қазақстаннан қандай танымал спортшылар бар?

Спорттық құзға өрмелеуден Олимпиада қатысушылары Ришад Хайбуллин, Амир Маймұратов, жазғы Азия ойындарының чемпионы Нұржан Батырбеков (джиу-джитсу), Мұрат Шакенов (су добы), триатлоннан жасөспірімдер арасында тұңғы Азия чемпионы Диана Ержанова сынды танымал өкілдеріміз жүлдеге таласады.

Ең жас спортшы - 13 жастағы Жеңісхан Қасым (желкенді спорт)

Ең жасы үлкені - 38 жастағы Тамара Улжабаева (спорттық құзға өрмелеу) - 2014 жылы жағажай ойындарында жылдамдық сайысы бойынша чемпион атанған.

Қай спорт түрінде чемпион атанғанбыз?

Отандық спорт тарихымызда 13 алтын, 18 күміс, 17 қола жүлде еншілегенбіз.

Су добынан ерлер құрамасы әлі ешкімге дес бермей келеді. 2008, 2010, 2014, 2016 жылдары чемпион атанған. 2012 жылы бағдарламаға кірмеді.

Ашық суда жүзуден Виталий Худяков жағажай Азия ойындарының 3 дүркін (2014, 2016) чемпионы саналады.

Спорттық құзға өрмелеу - 2 алтын (қазіргі құрамнан Амир Маймұратов пен Ришад Хайбуллин 2014 жылы топ жарған)

Жағажай самбосы - 1 алтын

Жағажай күресі - 1 алтын

Жағажай волейболы - 1 алтын

Муайтай - 1 алтын

Жарыстың қандай маңыздылығы бар?

Жағажай Азия ойындары қыркүйек айында Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындық ретінде саналады. Өйткені спорттық құзға өрмелеу, джиу- джитсу, су добы, 3х3 баскетбол, жағажай волейболы және т.б біршама спорттар қос ірі жарыстың да бағдарламасына енгізілген.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан