1 күн бұрын
Қазақстан велошабандоздары Өзбекстандағы турнирде жүлде алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Өзбекстанның Ферғана қаласында тас жолдағы велоспорттан Гран-при жарысы өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірінші кезеңнің (91 км) қорытындысы бойынша Елизавета Склярова мәреге екінші (2:27.35 секунд), ал Ангелина Буренкова үшінші (2:27.35 секунд) болып келді.
Ал 2-кезеңде (91 км) Рината Сұлтанова қарсыластарынан оза шауып, мәре сызығын бірінші болып қиды (2:22.40 секунд).
Жалпы есепте Рината 2-орынды иеленді. Алтын мен қола жүлде Қытай спортшыларының еншісінде.
Айта кетейік, аталған додаға 6 мемлекеттен 50-ден астам велошабандоз қатысты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан