Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

VI Азия жағажай ойындары қарсаңында бас жаттықтырушылар жиыны өтті

VI Азия жағажай ойындары қарсаңында бас жаттықтырушылар жиыны өтті

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қытайдың Санья қаласында VI Азия жағажай ойындарының басталуына бір күн қалды. Бүгін жарыс бағдарламасына енген спорт түрлерінен Ұлттық құрама командалардың бас бапкерлері қатысқан кеңес өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ​кездесу барысында алдағы жарыстарға қатысты негізгі ұйымдастыру мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Сондай-ақ ойындардың ашылу салтанатына ерекше көңіл бөлінді.

​Айта кетейік, кешенді жарыста спорттың 15 түрінен жүлде сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы оның 9 түрінен бақ сынайды. Барлығы ел намысын 70 спортшы қорғайды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан