3 сағат бұрын
Нысана көздеушілеріміз әлем кубогында топ жарды
Кирилл Цуканов пен Олег Носков Каирде жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының жеңімпазы атанып, Қазақстанды көш басына шығарды, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл күндері Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында Қазақстан қоржынына 2 алтын жүлде түсті.
Әуелі тапаншамен 25 метрден оқ атуда Ұлттық құрама спортшысы Кирилл Цуканов топ жарды. Отандасымыз финалда 581 ұпай иеленді.
Жүлдегерлер, тапанша 10 м:
1. Кирилл Цуканов (Қазақстан)
2. Радж Чандра (Үндістан) 580 ұпай
3. Абхинав Дешвал (Үндістан) 578 ұпай
Тағы бір отандасымыз Рамазан Ынтықбай бұл сында 9-сатыдан көрінді.
Ал винтовкамен 50 метрден жатып нысана көздеуде Олег Носков қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады. Оның еншісінде 616.3 ұпай.
Жүлдегерлер, винтовка 50 м:
1. Олег Носков (Қазақстан)
2. Рохит Каньян (Үндістан) 615.8 ұпай
3. Арсени Ливанцов (Бейтарап атлет, Беларусь) 615.3 ұпай
Мысырдағы әлем кубогы 27 сәуірде аяқталады. Оған 25 мемлекеттен 300-ге жуық мерген жиналды.
Қазір жалпыкомандалық есепте Қазақстан 2 алтынмен 1-орынға көтерілді. Одан кейін Үндістан (1 алтын, 3 күміс, 2 қола) мен Франция келе жатыр (1 алтын, 1 қола).
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов