Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Хабибулла жағажай Азия ойындарында жартылай финалға шықты

Хабибулла жағажай Азия ойындарында жартылай финалға шықты

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан Азия жағажай ойындары-2026 аясында джиу-джитсудан жарыстар басталды. Қазақстандық спортшы Мансұр Хабибулла сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды.

62 келіге дейінгі салмақта ол ширек финалда Таиланд өкілі Сувижак Кунтонгты жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Осы салмақта Батыр Теңізбай 1/4 финалда БАӘ спортшысы Омар Алсувейдиге есе жіберіп, енді жұбаныш кезеңінде бақ сынайды.

Әйелдер арасында 52 келіге дейінгі салмақта Жібек Құлымбетова жұбаныш кезеңінде тайландтық Натчая Сугунды жеңіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.

Сонымен қатар бүгін 63 келіге дейінгі салмақта Ажар Салықова жарысты 1/8 финалдан бастайды.

Айта кетейік, Азия жағажай ойындары 30 сәуірге дейін жалғасады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан