Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Қазақстан мергендері екі алтын жеңіп алды

Қазақстан мергендері екі алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында сәтті өнер көрсетіп, екі алтын медаль иеленді.

25 метрден тапаншамен ату сайысында Кирилл Цуканов жеңіске жетті. Ол финалда 581 ұпай жинап, қарсыластарын артта қалдырды. Екінші орынды Үндістан өкілі Радж Чандра (580 ұпай), үшінші орынды Абхинав Дешвал (578 ұпай) иеленді. Қазақстандық Рамазан Ынтықбай тоғызыншы орынмен жарысты аяқтады.

50 метрден мылтықпен жатып ату бағдарламасында Олег Носков алтын медаль жеңіп алды. Ол 616,3 ұпай жинады. Күміс жүлде Үндістан спортшысы Рохит Каньянға (615,8), ал қола медаль бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен Арсений Ливанцовқа (615,3) бұйырды.

Осы нәтижемен Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте көш бастап тұр. Екінші орында Үндістан, үшінші орында Франция құрамасы орналасқан.

Айта кетейік, Каирдегі жарыс 27 сәуірге дейін жалғасады және оған 25 елден шамамен 300 спортшы қатысуда.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан