2 күн бұрын
«Болашақ ойындары 2026» халықаралық турнирінің кері санағына ресми старт берілді
Фото: gamesofthefuture_astana
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары 2026» халықаралық турниріне дейінгі кері санаққа ресми старт берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Болашақ ойындары 2026» - физикалық және цифрлық спорт тоғысқан бірегей алаңға айналып, жаһандық спорт индустриясының дамуында жаңа парақ ашады. Елордамыз халықаралық фиджитал-қозғалысы үшін маңызды белес саналатын осы айтулы шараны қабылдауға қызу дайындалуда.
«Фиджитал - бұл спортшылар өз шеберліктерін цифрлық ортада да, шынайы алаңда да көрсететін мүлдем жаңа формат. Біз әлемнің түрлі елдерінен келген командалар тарапынан үлкен қолдау мен қызығушылықты көріп отырмыз. Астанада өтетін турнир халықаралық жарыстарды өткізудің жаңа стандартын қалыптастыратынына сенімдіміз», - деді дирекция басшысы Әлібек Хасенов.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан