10 сағат бұрын
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі жүзуден жеңімпаз атанды
Фото: Polisia.kz.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі жүзуден жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Елордада ASTANA SWIM CHALLENGE халықаралық форматтағы жүзу додасы өтті. Open Water Pool (OPW) форматында ұйымдастырылған беделді жарыста ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі Нұртас Әлібеков үздік нәтиже көрсетті.
Жарыс барысында қатысушылар бассейн периметрі бойынша арнайы белгіленген бағытпе нжүзіп, өзара мықтыны анықтаған. Бұл формат ашық суда жүзу жағдайын имитациялаумен ерекшеленеді.
Нәтижесінде қатардағы Нұртас Әлібеков 18 жастан жоғары санаттағы қарсыластарынан оқбойы озып, І орынды иеленді.
Сондай-ақ ұландық спортшы абсолюттік есепте үздіктер қатарынан табылып, ІІІ орынға тұрақтады.
Әскери қызметшінің бұл жетістігі – Ұлттық ұлан жауынгерлерінің тек қызметте ғана емес, спортта да биік белестерді бағындыра алатынын дәлелдейді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан