Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Қазақстан әйелдер командасы Қытайда ірі жеңіске жетті

Қазақстан әйелдер командасы Қытайда ірі жеңіске жетті

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VI Азия жағажай ойындарында Қазақстан әйелдер құрамасы 3х3 баскетболдан 1/8 финалға шықты.

Топтық кезеңдегі соңғы матчта қазақстандық спортшылар Қатар құрамасын 21:7 есебімен сенімді түрде жеңді. Осы нәтижеден кейін ұлттық құрама плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Жарыстың жетінші жарыс күні өтіп жатыр. Байрақты дода 30 сәуірде өз мәресіне жетеді. Қазақстан құрамасы бұл ойындарға сегіз спорт түрі бойынша қатысып, ел намысын 70 спортшы қорғауда.

Қазіргі таңда ұлттық құрама қоржынында 5 медаль бар. Оның ішінде 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде бар. Осы көрсеткішпен Қазақстан медальдық есепте 7-орында келеді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан