5 сағат бұрын
Қазақстан спортшылары 7 халықаралық жарыста ел намысын қорғайды
27 сәуір мен 3 мамыр аралығында Қазақстан спортшылары әлемнің түрлі елдерінде өтетін бірқатар халықаралық жарыстарда өнер көрсетеді.
Ауыр атлетикадан халықаралық турнир 27 сәуір – 1 мамыр аралығында Самоаның Апиа қаласында өтеді. Бұл жарыста Қазақстан құрамасынан 5 спортшы сынға түседі.
28 сәуір – 10 мамыр аралығында Ұлыбританияның Лондон қаласында үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты ұйымдастырылады. Қазақстан құрамасы сапында 10 спортшы қатысады.
30 сәуір – 3 мамыр күндері Өзбекстанның Ташкент қаласында конкурдан Әлем кубогі кезеңі өтеді. Бұл жарыста еліміздің 7 спортшысы бақ сынайды.
Сондай-ақ, осы аралықта Қытайдың Сиань қаласында көркем жүзуден Әлем кубогінің 3-кезеңі өтеді. Қазақстаннан 15 спортшы қатысады.
30 сәуір – 3 мамыр күндері Түркияның Ыстамбұл қаласында семсерлесуден рапира бағдарламасы бойынша Әлем кубогі жарысы өтеді. Қазақстан құрамасынан 3 спортшы ел намысын қорғайды.
1–3 мамыр аралығында Тәжікстанның Душанбе қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі ұйымдастырылады. Бұл жарыста 11 қазақстандық дзюдошы белдеседі.
Сол күндері Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында семсерлесуден (сапы) Гран-при турнирі өтеді. Қазақстаннан 4 спортшы қатысады.
Осылайша, аталған кезеңде Қазақстан спортшылары 7 халықаралық жарыста өнер көрсетіп, әлемдік аренада ел намысын қорғайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан