Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

27 сәуір – 3 мамыр аралығында қандай спорт жарыстары өтеді?

27 сәуір – 3 мамыр аралығында қандай спорт жарыстары өтеді?

Фото: Қазақстан ҰОК

ҚР Туризм және спорт министрлігі 27 сәуір – 3 мамыр аралығында өтетін спорт жарыстарының кестесін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

27 сәуір – 1 мамыр – ауыр атлетикадан халықаралық турнир

Қазақстан құрамасынан 5 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Апиа қ. (Самоа)

28 сәуір – 10 мамыр – үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты

Қазақстан құрамасынан 10 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Лондон қ. (Ұлыбритания)

30 сәуір – 3 мамыр – конкурдан Әлем кубогі кезеңі

Құрама сапынан 7 спортшы бақ сынайды.

Өтетін орны: Ташкент қ. (Өзбекстан)

30 сәуір – 3 мамыр – көркем жүзуден Әлем кубогінің 3-кезеңі

Қазақстаннан 15 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Сиань қ. (Қытай)

30 сәуір – 3 мамыр – семсерлесуден (рапира, ерлер мен әйелдер) Әлем кубогі

Ел намысын 3 спортшы қорғайды.

Өтетін орны: Ыстамбұл қ. (Түркия)

1-3 мамыр – дзюдодан Grand Slam турнирі

Жарыста отандық 11 спортшы белдеседі.

Өтетін орны: Душанбе қ. (Тәжікстан)

1-3 мамыр – семсерлесуден (сапы, ерлер мен әйелдер) «Гран-при» турнирі

Құрама сапынан 4 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Инчхон қ. (Оңтүстік Корея).


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан