7 сағат бұрын
Найманбаев Power Slap рейтингінің үздік үштігіне енді
Қазақстандық спортшы Закир Найманбаев UFC президенті Дана Уайт негізін қалаған Power Slap лигасының ауыр салмақ дәрежесіндегі рейтингінде үздік үштікке көтерілді.
Жаңартылған рейтингте Найманбаев бір саты жоғарылап, үшінші орынға жайғасты. Қазір ол тек Дориан Перес пен Нейт Бёрнардтан кейін тұр. Ал ауыр салмақтағы чемпион — Дэмиен Диббелл.
Айта кетейік, Закир Найманбаев соңғы жекпе-жегінде америкалық Уэсли Менаны төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген еді. Кездесу 6 наурыз күні Лас-Вегаста өткен Power Slap 18 турнирінде өтті.
Семейлік спортшы аталған лигада осы уақытқа дейін бес кездесу өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жетсе, екі рет жеңіліс тапқан.

Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан