6 сағат бұрын
«XDS Astana Team» шабандоздары Мармарис – Фетхие кезеңін аяқтады
XDS Astana Team шабандозы Давиде Баллерини Түркиядағы «Президенттік турдың» төртінші кезеңінде команданың ең үздік нәтижесін көрсетті.
Маршрут Мармарис – Фетхие бағыты бойынша өткен 128 шақырымдық кезеңде италиялық велошабандоз алтыншы орынды иеленді. Ол жеңімпаз Станислав Аниолковскимен бір уақытта мәреге жетті. Жүлделі үштікке Райли Пикрелл мен Давиде Персико да енді.
«Астана» командасының басқа мүшелері де жарысты сәтті аяқтады. Алессио Делле Ведове – 18-орын, Лев Гонов – 25-орын, Николас Винокуров – 35-орын, Хенок Мулубрхан – 52-орын, Маттео Скалько – 76-орын, ал Даррен ван Беккум 105-орынға тұрақтады.
Жалпы есепте төрт кезеңнен кейін көш басында Иван Соса келеді. «Астана» шабандоздарының ішіндегі ең жоғары нәтиже Николас Винокуровқа тиесілі – ол алтыншы орында және көшбасшыдан 50 секунд қалып отыр. Хенок Мулубрхан мен Маттео Скалько да үздік ондықта орналасқан.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан