3 сағат бұрын
Қазақстан семсерлесуден Оңтүстік Кореядағы Гран-приге құрамын жариялады
Қазақстан құрамасы семсерлесуден (қылыш) Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін Гран-при кезеңіне қатысатын спортшылар тізімін жариялады.
Халықаралық турнир 1 мамыр күні басталады. Жарыста ел намысын тоғыз спортшы қорғайды.
Құрамға енгендер: Карина Доспай, Анастасия Гулик, Татьяна Приходько, Айгерім Сарыбай, Назарбай Саттархан, Нұрмұхаммед Жайлыбай, Қуаныш Ергашбай, Жанат Набиев және Артем Саркисян.
Айта кетейік, Инчхонда өтетін Гран-при кезеңі 3 мамырда аяқталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан