2 сағат бұрын
«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпионатының жүлдегері атанды
Таиландта әйелдер арасындағы AVC Women's Champions League турнирінің тарихтағы екінші маусымы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Sport12.kz.
Үшінші орын үшін өткен матчта Талдықорғанның «Жетісу» клубы жергілікті «Суприм Чонбури» командасымен кездесті.
Бұған дейін жартылай финалда талдықорғандық волейболшылар жапониялық NEC Red Rockets клубына есе жіберсе, «Суприм» Таиланд чемпионы Nakhon Ratchasima командасынан жеңілген еді.
Қола медаль үшін өткен кездесуде Марко Гршич баптайтын команда алаң иелеріне еш мүмкіндік бермей, үш партияда сенімді жеңіске жетті – 3:0 (25:18, 25:15, 25:21).
Еске сала кетейік, өткен жылы «Жетісу» әйелдер командалары арасындағы Азия чемпиондар лигасының тарихтағы алғашқы жеңімпазы атанған болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов