Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Пара спортшылар «Таланттар конкурсында» сынға түсті

Пара спортшылар «Таланттар конкурсында» сынға түсті

30 сәуір күні Паралимпиадалық жаттығу орталығында 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Таланттар конкурсы» өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

Іс-шара ерекше қажеттіліктері бар адамдардың шығармашылық әлеуетін қолдауға және дамытуға, олардың қоғамға белсенді қатысуына ықпал етуге, сондай-ақ этносаралық келісімді нығайтуға және Қазақстанның мәдени әртүрлілігін насихаттауға бағытталды. Конкурс қатысушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырып, жеке қабілеттерін ашуға мүмкіндік берді.

«Бұл конкурс мен үшін өзімді көрсетуге үлкен мүмкіндік болды. Көрермендердің қолдауын сезініп, ерекше әсер алдым», — деп бөлісті қатысушы Нурмаганбетова Алина.

Конкурсқа ерекше қажеттіліктері бар қатысушылар қатысып, өз өнерлерін төрт номинация бойынша ұсынды: вокалдық орындау, көркем сөз оқу, хореография және ұлттық киім үлгісін көрсету.

Қатысушылар көрермендерді әсем образдарымен, жарқын әрі мазмұнды өнер көрсетулерімен тәнті етті. Әрбір өнер нөмірі өзіндік ерекшелігімен, шынайылығымен және жоғары дайындық деңгейімен ерекшеленді. Әсіресе ұлттық киімдердің көркемдігі мен сахналық образдардың үйлесімділігі көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді.

«Біздің мақсатымыз — әр адам өз қабілетін аша алатын қолайлы орта қалыптастыру. Бұл конкурс шынайы бірлік пен шығармашылық мерекесіне айналды», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Іс-шара қорытындысы бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Барлық қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, бірінші, екінші және үшінші орын иегерлері анықталды.

1 мамыр: Астанада спорт фестивалінің жүгіру жарыстарына онлайн тіркеу ашылды


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан